Елбасы ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті HD
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Қоғам қайраткері Қазақ мемлекеттілігін нығайтуға сүбелі үлес қосқан. Кеңес Одағы кезеңінен бүгінге дейін елге қызмет етіп келеді. «Ол қазіргі зиялы қауымның көрнекті өкілі», – деді Президент. Қиын қыстау кезеңде жұртпен бірге болып, қуанышты сәттерін де бөлісті. «Семей-Невада» қозғалысын бастап, Мемлекет басшысымен бірге ядролық полигонды жабуға да ат салысты. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті -Бүкіл халқымыз, БАҚ Олжас Омарұлының 80 жасқа келуіне байланысты мерейтойымен құттықтап жатыр. Мен де қуаныштымын. Себебі біз екеуміз бір заманның адамымыз. Зиялы қауым деген халықтың түсінігінде әр уақытта білімді, білгір, тәжірибелі, халқының алдында жүретін, халқын бастайтын адамдар саналады. Елдің бірлігін, мемлекеттің мықтылығын сақтайды. Сондай зиялы интелигенттің бірі өзіңсің. Мынау ядролық қаруды не істейміз деп тұрғанда, Москвадағы генералдардың барлығы бізге қарсы болған кезде, «Невада-Семей» қозғалысын бастап, сол ядролық полигонды жабуға маған зор көмек жасадың. Сондықтан барлық зиялы қауымға, жастарға үлгі болып келесің. Ақынның маңдай тері елеп-ескерілді. Нұрсұлтан Назарбаев отандық әдебиетті дамытуға айрықша үлес қосқаны үшін, татулық пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» Алтын жұлдызын тапсырды. Мемлекет басшысы ақынға мықты денсаулық, шығармашылық табыс тіледі. Олжас Сүлейменов, ақын, қоғам қайраткері -Халқымыз, еліміз аман болсын деп жазғанбыз бәрін. Бүгін де соны айтам. Елдің болашағы жарқын болсын. Еліміз, тіліміз де мәңгі болсын. Елбасымыз да аман болсын!
Похожие видео
Показать еще