Британияның жаңа премьер-министрі Украинаға бұрынғыдай қолдау көрсетілетінін айтты HD
Британияның жаңадан сайланған Премьер-министрі Риши Сунак Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы тілдесіп, Украинаға корольдік тарапынан бұрынғыдай көмек көрсетілетінін айтты. Соғыс басталғалы үшінші рет үкімет жетекшісін ауыстырған Британия Ресейге қарсы қысымды күшейтіп, Украинаға қару-жарақ жіберу мен қаржылай көмек көрсетуде жетекші орынға ие болған. Сунак жақын уақытта Зеленскиймен жеке кездесетінін, осы елдің энергетикалық нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек беретінін хабарлады. Естеріңізге салайын, бар болғаны 1,5 ай ел басқарған Лиз Трастың орнына күні кеше бұрынғы банкир, Қаржы министрлігін басқарған 42 жастағы Риши Сунак тағайындалған. Telegram Qaz - https://t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram Rus - https://t.me/atamekenbusiness Instagram - https://instagram.com/atameken.business/ Instagram - https://www.instagram.com/inbusinesskz/ Facebook - https://www.facebook.com/atamekentv.kz Atameken Business Sport - https://t.me/atamekenbusiness_sport Facebook - https://www.facebook.com/inbusiness.kz Tik-Tok - https://www.tiktok.com/@atamekenbusiness «Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv Cайт - https://inbusiness.kz Atameken Business Programs - https://www.youtube.com/channel/UCQpzmeBWqEYS8O2XaUzRytA #AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана
Похожие видео
Показать еще