"Лимон шоу" әзіл-сықақ театрының өткір әзілдері
Жуырда ғана тұсауы кесілген "Лимон шоу" әзіл-сықақ театры бұдан былай өткір әзілдерімен ерекшеленбек. Өнер әлеміне ерекше сипатпен қадам басқан "Лимон-шоу" қоғамдағы жағымсыз құбылыстарды қалжыңмен қағытып, әзілмен түйрейді. Әзіл әлемінде жүрген талантты жастардың басын қосқан шоу қарапайым өмірлік оқиғаларды шығармашылығына арқау еткен.