Болат Назарбаевті қолпаштаған кейіпкерлер ұсталды HD

19.07.2022
« Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында белгілі кәсіпкерлік құрылымдарды ұзақ уақыт бойы рейдерлік басып алуды іске асырған бір топ тұлғалардың әрекетінің жолы кесілді. Қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген. Бүгінгі таңда Департаментте Алматы қаласы мен Алматы облысында аталған тұлғалар тобының рейдерлік шабуылдар жасағаны туралы 4 дерек бойынша іс қозғалды. Еліміздің кемінде тағы үш облысында осыған ұқсас қылмыстардың жасалғаны туралы ақпарат бар. Сонымен қатар, аталған топ қымбат жылжымайтын мүлік, автокөлік және т.б. алу арқылы заңдастырылған кірісі жасырын бизнеспен белсенді айналысқан. Қылмыскерлердің уәкілетті мемлекеттік органдарда байланыстары болған. Қазіргі уақытта топтың белсенді мүшелері ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.» - деп хабарлады ҚР ҚМА Баспасөз қызметі. Facebook: https://www.facebook.com/4vlastinfo.kz Telegram: https://t.me/i_4_vlastinfokz Instagram:@4.vlastinfo.kz/ https://www.instagram.com/invites/contact/?i=1dk82l6voz0g9&utm_content=mbqtnbm TikTok: tiktok.com/@4vlastinfo.kz Сайт: https://4vlastinfo.kz/ 4vlastinfo.kz Ақпараттық агенттігінің журналистері журналистік зерттеу жүргізеді. Редакция нөмірі: 87774717140, 87718101111 Ютуб каналы және 4vlastinfo.kz сайтына тіркеліңіздер

Похожие видео

Показать еще