Украина - Қазақстан: матч алдында HD

31.03.2021
Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Украинаға қарсы ойнайды, деп хабарлайды «Хабар 24». Алғашқы матчта қазақстандықтар франциялық футболшыларға 2:0 есебімен есе жіберген еді. Ал украиналықтар әлем чемпиондарымен ұпай бөліскен. Сондықтан екі команда да бүгін жасыл алаңда барын салады. Қазір Украина командасы қос қанаты зақымданған құс секілді. Қазақстан ұлттық құрамасымен Киевке бірге ұшқан спорт журналисі Амангелді Сейітхан алаң иелерін осылай бағалапты. Олай деуге толық негіз бар. Қарсыластың қорғаушыларын қыспаққа алып, дамыл бермейтін Виктор Цыганков пен Андрей Ярмоленко ойынға қатыспайды. Еуропада доп теуіп шыңдалған Евгений Коноплянка жарақат алған. Соған қарамастан Украина құрамасының бас бапкері Андрей Шевченко жеңістің ауылы алыс емес деп отыр. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24 Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24 Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Похожие видео

Показать еще