10 жастағы оқушы тезекті биогазға айналдырудың жолын тапты HD

22.02.2017
Баламалы қуат өндіруге арналған бастамалар біздің елде де қолға алынуда. Қазір қызылордалық өреннің өнертабысы көпті қызықтырып отыр. 4-сынып оқушысы Кәусар Қабылбек түлік тезегінен биогаз өндірудің тың жолын ұсынып отыр. Тапқан тәсілі қарапайым. Бар болғаны қалдықтарды арнайы құрылғыда ашыту керек екен. Ойы озық оқушы ғылыми жобасын енді «ЭКСПО-2017» көрмесі жанынан құрылып жатқан «Жас өнертапқыштар» ұйымына ұсынуды жоспарлап отыр. Кәусар Қабылбек, дарынды балаларға арналған №2 Мұрагер мектебінің оқушысы: -Үй жануарларынан алып және үй қалдықтарынан демек, қағаздарды тағы басқа қалдықтарды сумен араластырып, біз қосынды әзірлейміз. Осы қосындыны түтікше арқылы биореакторға құямыз. Биореактор ішінде 42 сағат ашытылады. Яғни 2 күн. Содан кейін оны 2 түтікше арқылы газ тазарту қондырғысына апарып, көлікке жанармай, жылу, от, жарық ретінде аламыз. Оны электр станциясына апарып та, осы заттарды алуға болады.

Похожие видео