Балпандар Ата - Әже туралы!!!

11.05.2018
Ата отыр кәріміз, Қуат берер дәріміз. Әулиедей аялап, Ардақтаймыз бәріміз!!! Атам менің аманда Әдепті жан бол деген Атам сөзі санамда Жасы үлкенге жол берем Алдын орап кісінің Кесіп өтпе көлденең Ізетімен кішінің Сәлемдесіп қол берем.!!! Атам менің әманда кішіпейіл бол деген. Ата сөзі санамда Мақтанбауды жөн көрем Қалдыратын ұлтқа Жалған сөзге төзбеймін Жеткізеді мұратқа Тек шындықты көздеймін. Қыдырып бардым атама, Қалыпты атам ауырып. Мейірімді аташым, Айтшы маған аташым, Тиді саған қайсы дерт, Қорқытайын сол дертті. Дәруменді ішкізіп, Сауыққын сен тезірек. Мен ішкізсем дәрумен, Жазылшы сен аташым. Атам менің әманда Әділетті бол деген. Ата сөзі санамда Жүрмін тура жолменен Ей, тәкаппар дүние Маған да бір қарашы Танимысың сен мені Мен қазақтың баласы!!! Әжем менің, ақ әжем Ақыл беріп үйреткен. Аппақ әжем, пәк әжем, Мейіріммен тербеткен. Әжем ұйықтар алдында Ертегі айтып береді. Еркелеп ойнап жатқанда Ылғи ұйықтап қаламын. Әжем ұйықтар алдында Ертегі айтып береді. Еркелеп ойнап жатқанда Ылғи ұйықтап қаламын. Әжем өрнек тереді, Сырмақ отыр оюлап. Басы ауыра береді, Шай ішпесе, қоюлап. Әжем менің асыл жан Жақсылыққа үйретіп, Жамандықтан шектейді. Әжеме ешкім жетпейді! Ақ әжем Өзің мені өсірген, Айналайын ақ әжем. Тентек болсам кешірген Шөлдедің бе, дана әжем? Шай қайнатып келейін, Шекер салып, жан әжем. Өзім құйып берейін. Балдай тәтті бал әжем!!!

Похожие видео