«Тағдыр тартысы». Жалғызбасты әке HD

17.03.2017
Жаңа Телехикая «Тағдыр тартысы». Жалғызбасты әке - Өмірде жақсылық та, жамандық та қатар жүреді. Ханталапай тағдыр сынағының нәтижесі әр адамның әрекетіне тәуелді. Сондықтан қиындық пен кедергі, қайғы мен қасірет, мұң мен өкінішке ұласқан жұмырбасты пенденің жүріп өткен жолы - өмір сабақтары. Бүтін отбасының, әрбір адамның тағдыры - тұтас қоғамның айнасы. Қоғамды өзгерту ұлт тәрбиесінен басталатыны сөзсіз. Өмірдегі шынайы оқиға негізінде кейіпкер тағдыры арқылы баяндалатын деректі телехикая жұмыс іздеп тауы шағылған жанның өмірмен күресі, қызметтік махаббат хикаясы, ерлі-зайыптылардың кикілжіңі, шайқалған шаңырақ шері арқылы көрерменді ізгілікке шақыруды көздейді. Өмірдегі бақталастық пен бәсеке, өсек-аяң, қастандық пен зұлымдықтың текетіресінде кім жеңіске жетеді? Ене мен келіннің тартысы, ағайындылар арасындағы алауыздық, бір шаңырақтың астында күн кешкен абысындардың араздығы бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Соңы не болмақ?

Похожие видео

04.11.2017
04:31

"Əке-асқар тау" деп тегін айтылмаса керек. Алайда, сол асқар тауың құлап, қанатың қайрылып, өмірде қатты қиналатын кезді əр адам баласы басынан өткерері хақ. Егер де əкем қазір ортамызда болса, жетпістің алтауын бағындырып, біздің қорғанымыз болатыны сөзсіз еді. Алайда, əттең... Сұм ажал ортамыздан алып кетті. Тағдырға не шара, енді тек қана оның аруағына құран бағыштап, дұғамыздан қалдырмаймыз. Мына жалған дүниеде əкенің алатын орны бөлек. Əке деген сөздің өзі бойына күш беріп, адам баласын айбарлы да айбатты етері сөзсіз. Əкешім, жатқан жерің жайлы болсын! Топырағың торқа болсын! Мінгенің пырақ, жаққаның шырақ, ішкенің кəусар бұлақ болсын! Мейірімі күшті Алла біліп, білмей істеген күнəлеріңді кешіріп, амал дəптеріңді оң жағынан келтірсін. Сен əрқашанда біздің жадымызда қаласың. Сенің бейнең бізге қашанда күш-жігер беріп тұрады. Біз өзіңді мəңгі ұмытпаймыз.

одноклассники
Показать еще