Ринат Заитов қаңтар қырғыны жайлы шындықты шыңына жеткізіп жырлады
«Тұғыры биік Тарбағатай» атты өнер және спорт фестивалі өтті. Айтыскер ақындар арасында Ринат Заитов қаңтар қырғыны жайлы шындықты шыңына жеткізіп жырлады. Ақын халықтың ыстық ықыласына бөленген, бірақ ұзақ уақыт аламан айтыстың додасында өнер көрсетпей кеткен болатын. Киелi өнердiң шамын жағып жүрген Ринат Заитов өзінің бір сұхбатында: «Айтыстың ажалы шындықты аңырата айтып жүрген ақындардың сөзiнен және ақиқаттан болуы мүмкiн»,- деген еді. Қашанда шындықты айтатын, халықтың мұң-мұқтажын шумақтап жеткізетін ақындарымыз көп болғай. #Ринат #РинатЗаитов #айтыс