МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМАЛАР ТЕГІН БЕРІЛЕДІ HD
Қазақстанда бірқатар анықтамалар тегін беріледі. Аталмыш бастама Үкіметтің қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың қазан айының 2 жұлдызынан бастап жүзеге асырылуы тиіс болатын Алайда, Шымкенттегі емхана қызметкерлері ол анықтамаларды тұрғындарға әлі күнге дейін ақшаға саудалап жүрген көрінеді. Мәселе ҚР МҚІ және СЖҚІҚА Шымкент қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында қаралды.