«ҚАЗАЗОТ» мекемесі 5 млн теңгеден астам айыппұл төледі HD

08.09.2022
Маңғыстаудағы 40 мыңға жуық тұрғыны бар Басқұдық ауылы маңына заңсыз химиялық қалдық төгіп, ауылдық округті амиакқа бөккен «ҚазАзот» мекемесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 млн теңгеден астам айыппұл арқалады. Бірнеше апта бұрын Басқұдық тұрғындары арнамызға хабарласып, жағымсыз иістен тұншығып отырғанын жеткізген еді. Жұрттың шағымынан соң Маңғыстау облыстық экология департаменті жоспардан тыс тексеру ашып, түнгі және таңғы мезгілде химиялық қалдық төгілген құбырдан сынама алған. Нәтижесінде, амиакты заңсыз ағызу фактісі анықталды. Алайда «ҚазАзот» мекемесінің өкілдері канал бойына қалдық төгудің тыйылмайтындығын жеткізді. Telegram Qaz - https://t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram Rus - https://t.me/atamekenbusiness Instagram - https://instagram.com/atameken.business/ Instagram - https://www.instagram.com/inbusinesskz/ Facebook - https://www.facebook.com/atamekentv.kz Facebook - https://www.facebook.com/inbusiness.kz Tik-Tok - https://www.tiktok.com/@atamekenbusiness «Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv Cайт - https://inbusiness.kz Atameken Business Programs - https://www.youtube.com/channel/UCQpzmeBWqEYS8O2XaUzRytA #AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана

Похожие видео