Алматы облысында ерекше жобалардың авторлары бас қосты
Алматы облысында ерекше жобалардың авторлары бас қосып, білімдерін шыңдап жатыр. Мұнда көзі көрмейтін балаларға арналған кітап, жердің құнарлығын бірден анықтайтын «NDVI» карта да бар. Түрлі инновациялық идеяларды ұсынып жатқандардың барлығы жастар. Ал ең үздіктері Алматыда өтетін «Инновациялық идеялар» көрмесіне жолдама алып, жобаларына қаржылай қолдау табады.