Тіс емдеу қымбаттай ма? HD

14.04.2021
Зейнетақы жинақтарын баспана сатып алуға пайдалану жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне себеп болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Тұрғын үйлер 20 процентке қымбаттады. Ал кейбір өңірлердегі баспана бағасы 30 процентке өсті. Біржолғы зейнетақы төлемдерін кейбір ауруларды емдеуге, соның ішінде тісті протездеу мен имплантациялауға жұмсауға болады. Стоматологиялық қызметтің бұл екі түрі қымбаттай ма? Қазақстандық экономист Сапарбай Жобаевтың пікірінше, стоматологиялық қызметтерге бағаны көтеруге негіз жоқ. Жалпы тісті протездеу мен имплантациялау қымбат қызмет түрлері болып саналады. Қазір тіс емдеудің бұл тәсілдерін зейнетақы жинақтары есебінен жасауға болады. Бірақ аталмыш қызметтер қарапайым халық үшін қанша қымбат болғанымен, стоматологтардың өздері үшін тиімді. Осындай ем түрлері стоматологиялық клиникаларға жақсы табыс әкеледі. Яғни бұл қызметтердің әрқайсысынан түсетін таза пайда 15 процентті құрайды және стоматологтарға бұдан артық қосымша ақы алуға болмайды. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24 Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24 Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Похожие видео

Показать еще