Қазақстандық және шетелдік сарапшылар Президенттік институт жұмысына баға берді HD
Президенттік басқару жүйесін енгізу – ел тарихындағы маңызды оқиға, деп хабарлайды «Хабар 24». Осы арқылы дербес мемлекет дамудың даңғыл жолына түсті. Нарықтық экономикаға көшті, ұлттық валютаны енгізді, бастысы шекараны шегендеді. Бүгін онлайн режимде өткен конференцияда шетелдік және қазақстандық сарапшылар Президент институтының жұмысына осындай баға берді. Шетелден байланысқа шыққан ғалымдар тоқсаныншы жылдардағы тоқыраудан аман өтіп, дербес мемлекет қалыптастырудың жарқын үлгісін көрсеткен біздің елдің жүріп өткен жолы көпке мысал деді. Айта кетейік, конференцияны ұйымдастыруға Тұңғыш Президент – Елбасы қоры мұрындық болды. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24
Похожие видео
Показать еще