Күйзелесің несіне, сен көңілім… Айгүл Сағымбайқызы.

26.09.2018
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Күйзелесің несіне, сен көңілім, Аясаңшы жүректің, мынау дүрсілін. Тағдырымды қайтейін, осылай етіп, Кигізіп қойса аяққа, сыңар етік. Күйдіресің несіне, айтшы мені, Жатасың-ау жоқ жерде, мың жандырып. Ал кей кезде қатасың, мұздай болып, Ызғарыңа, аямастан тоңдырып. Көсілесің болмаса, келтең-көрпең, Керек пе екен, айтшы маған, сергелдең. Бәрі жақсы болғанын, көріп пе едің, Жазымыштан қашқанын, естіп пе едің? Білген болсаң, бар сырын, ашып берші, Ырғағыңа көнейін, онда сенің. Бола бермей, әйтеуір, маған сыңшы Дұшпан емес, досым болшы, сен менің.

Похожие видео

Показать еще