Ғашық болдым өзіңе «Қарай бергім келеді, бұл көзіңе»
Өлең авторы -- Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы -- Мелодия любви "Белгісіз" Бейнематериал авторы -- Love Story (Bolot&Aiperi) Өңдеген -- Бақытжан Бекмұхаммедұлы Қарай бергім келеді, бұл көзіңе, Ғашық болып қалдым-ау, мен өзіңе. Сенемін ғой айтылған, әр сөзіңе, Мен ризамын, бақытты еткен, тек өзіңе. Сені ойласам, жүрек сыймас, мынау кеудеме, Қандай ғажап, сүю деген, бұл әлемде. Шаттық толы, әнімді айтсам, сол жетеме? Әлде сенде, күдік бар ма, бұл сезімде? Келші жаным, көз тастайық, бар алаңға, Қол ұстасып, біз жетеміз, ақ арманға. Ақниет пен, орын алдық, бақ тағында, Бұл айдында, біз ұқсайық, қос аққуға.
Похожие видео
Показать еще