АНТИКОРДАН АЛИК ШПЕКБАЕВ КЕТІП, ОРНЫНА БАС ПРОКУРАТУРАДАН МҰРАТ АХМЕТЖАНОВ КЕЛДІ HD

16.04.2021
Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы міндетінен босатылды. Әзірге оның қайда кеткені белгісіз. Сондай-ақ, босатылуы себебі де айтылған жоқ. 64 жастағы Алик Жатқамбайұлы Ұлттық бюро қызметінде 8 жылдан бері еңбек етіп келген. Соңғы 5 жылда агенттік тізгіні оның тікелей қолында болды. Шпекбаевтың басшылығымен 2017 жылдан бері Қуандық Бишімбаев, Болат Бақауов бастаған бірқатар ірі лауазымды тұлғалар жемқорлық фактісімен құрықталған. Сондай-ақ, 2019 жылы «Қызметкері жемқорлықпен ұсталған жағдайда тікелей басшысы отставкаға беру тиіс» деген заң қабылданды. Әрине, Шпекбаев босатқан вакансия ашық қалған жоқ. Оған енді 57 жастағы Марат Ахметжанов төрағалық етеді. Ол 2016 жылдан бері Бас прокурордың орынбасары міндетінде отырған. Жағдайдың ендігі қалай өзгеретіні белгісіз. Себебі бұған дейін Антикор мен Бас прокуратураның арасында іштей титандар соғысы жүріп келген. Мәселен, бұл Бағдат Мәнізорвтың ісінде байқалды. Нақтыласақ, жемқорлықпен күресушілер оны қамауға алу туралы шешім шығарса, кейін Прокуратура айыпты жоққа шығарды. Ақырында Мәнізоров босатылды. Telegram - https://t.me/atamekenbusiness Қазақ тіліндегі Telegram - https://t.me/atamekenbusiness_qaz Біздің сайт - https://inbusiness.kz Facebook - https://www.facebook.com/atamekentv.kz Instagram - https://instagram.com/atameken.business/ https://inbusiness.kz/ru/tv - Бизнес жаңалықтарын тарататын қазақстандық мультимедиялық тұңғыш "Atameken Business" арнасының Онлайн көрсетілімі. Эфирде сараптамалық бағдарламалар, нарықтың беталысы мен дамуына қатысты болжамдар, мамандардың түсініктемесі, сараптамалық тұрғыдағы пікірлері мен көзқарастары. Atameken Business қонақтары бұл өз саласының жетекші мамандары, бизнесмендер, кәсіпорын басшылары, мемлекеттік билік пен қоғамдық ұйым өкілдері. Қазақ тіліндегі Telegram - https://t.me/inbusinesskz Telegram - https://t.me/atamekenbusiness Наш сайт - https://inbusiness.kz Facebook - https://www.facebook.com/ atamekentv.kz Instagram - https://instagram.com/atameken.business/ ВКонтакте - https://vk.com/abctvkz https://inbusiness.kz/ru/tv - Онлайн трансляция первого казахстанского мультимедийного канала новостей бизнеса - "Atameken Business" Смотрите в эфире аналитические программы, прогнозы развития и поведения рынков, комментарии специалистов и экспертные оценки. Гости Atameken Business это ведущие эксперты своих областей – бизнесмены, руководители предприятий, представители государственных органов, лидеры общественного мнения #AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана

Похожие видео