Қайран сезім, қарамайсың сен жасқа... Айгүл Сағымбайқызы.
Қайран сезім, қарамайсың сен жасқа, Мас қыласың, кәрініде-жасында. Сүйдіресің-күйдіресің отыңа, Дастан болған, махаббатым халқыма. Қайран сезім, күнмен-түнді теңеген, Асар тауды, биіктерді көрсеткен. Жамандарды, жақсы қылып өзгерткен, Мәнгі көктем, бар деп, бірден сендірткен. Қайран сезім, мөлдірсің-ау бұлақтай, Қандырамыз шөлімізді, бір тоймай. Оңды-соңды, ажыратып қарамай, Мас боламыз, бұл сезімге, ойланбай. Келгеніме, маған сезім, сұрамай? Қорқып едім, қалама деп, бұйырмай. Баурап алып, сан құбылттың шіркін-ай, Неге маған, кеш кездестің, сезім-ай. Арамызда жылдар бар, оны қайтем? Тапсақтағы өткелді, тұрақты ма? Мен келермін түсіңе, сосын кетем, Ондан басқа амалым, айтшы, бар ма? Үмітімді қайтейін, алға тартқан, Бақытсың ба, әлде маған бұйырған? Барамын-ау неге құлап, мен жардан. Сүйемін деп айтуға, неге қорқам тағдырдан? Айгүл Сағымбайқызы.
Похожие видео
Показать еще