Шіркін-ай, өмір өзі, қымбат қой... Айгүл Сағымбайқызы.

22.10.2017
Ей адамдар, ойланыңдар, тоқтаңдар, Кемсітпеңдер біреуді, кедей болса. Дүние шолақ, бір соны, ұмытпандар, Кем болмаспыз ортаға, тәубе қонса. Бұл тағдырды, біз емес, Алла шешкен, Жазылғанын пешенеге көрерміз. Өзіменен байлықты, кім әкеткен? Болмау керек, жан-жақтан, тек өкпеміз. Не береміз ұрпаққа, айтыңдаршы? Саудаға салып жатсақ, болашақты. Ұмытпайық, ата-ананың борышы, Сабырлықпен тең қылу, бұл уақытты. Кемсіткеннен не пайда, қаларсыңдар, Жат болып, басқалардан, алыстап. Бар қиыны, ұрпақты жылатқандар, Той - думанды таразға, бүгін тастап. Барады, өзім деген, өзек жарып, Бос намысты, қорғап жатыр кеудемен. Жоқ болсада, әр жақтан, қарыз алып, Бар ойы, жүргеніме, ішіп-жеумен? Бола берсін той-думандар, солай ғой, Өлшенбесін, брақ өмір, бір күнмен. Мынау таразда, ең қымбат, терең ой ғой, Семіртейік көңілді, жылы сөзбен. Шіркін-ай, өмір өзі, қымбат қой, Кетерміз, бір күн бізде, қүстай үшып. Бұл өмірде, ең қымбат, сыйластық қой, Сүрейікші өмірді, сүйіп-құшып. Айгүл Сағымбайқызы.

Похожие видео

Показать еще