Таиландқа беттеген дауыл 300-ден астам отандасымызға қауіп төндіруі мүмкін
Таиландтың оңтүстігіне бет алған алапат дауыл мен нөсер жауын сол елдегі аралдарда тынығып жатқан қазақстандықтардың демалысына орасан зор қауіп төндіруі мүмкін. Ресми мәліметтер бойынша қаңтардың 1-і мен 7-сі аралығында бұл елде 318 отандасымыз демалуды жоспарлаған. Табиғаттың тосын мінезіне байланысты барлығына смс хабарлама жіберіліп, ескерту жасалды. Алдын ала болжам бойынша сұрапыл дауыл қаңтардың үші мен төрті күндері, елдің оңтүстігіндегі онға жуық провинцияда соғады. Дегенмен ескертуді елеп, демалысын доғарғысы келетіндер жоқ әзірге. Қазір тай елінің билігі мен Қазақстан елшілігі тығыз байланыста. Айта кетейік, туристер көп баратын оңтүстік аймақта «Памук» тропикалық дауылы соңғы рет осыдан 57 жыл бұрын соққан екен. Дүлей дауыл Оңтүстік-Қытай теңізінен бастау алған. Синоптиктердің болжауынша, желдің беті апта соңында қайтады. Толығырақ: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/287916-tailand-a-bettegen-dauyl-300-den-astam-otandasymyz-a-auip-t-ndirui-m-mkin
Похожие видео
Показать еще