КҮЙЗЕЛУ ДЕГЕН НЕ? HD

07.05.2019
Стресс, яғни адамның мазасыздыққа ұшырауы - қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс торығу деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Бұл ұғымды ғылымға ең алғаш болып енгізген - канадалық физиолог ғалым Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жиынтығы. Стрестің де бірнеше түрлері болады екен. Соның ең маңыздылары мыналар: 1. ЖАНҰЯЛЫҚ СТРЕСС. Отбасындағы бүкіл ауыртпалықты бір адам ғана көтере берген кезде орын алатын жағдай. Жұмыс, үйдің жағдайы, отбасы мүшелерінің ауруы, өлім, маскүнемдік, ажырасу, т.б қиындықтар отбасылық стреске жатады. 2. ЕҢБЕКТІК СТРЕСС көбінесе ауыр жұмыс күшімен байланысты, бұл көбіне жұмыс нәтижесін қадағалаудың жоқтығынан болады. Жұмыс қауіпсіздігін нашар қамтамасыз ету, еңбекті әділетсіз бағалау, оның ұйымдастырылуының бұзылуы – күйзеліс тудыратын негізгі себептер. 3. ҚОҒАМДЫҚ СТРЕСКЕ қоғам болып, ел болып, көпшілік бастан кешетін уақытша мәселелер жатады. Мысалы, экономикалық тоқырау, банкрот, дискриминация, т.б. 4. ҚАРЖЫЛЫҚ СТРЕСС мемлекетте де, отбасында да, жекелеген адамның басында да жиі болып тұрады. Қарыз алу, беру кезіндегі қиындықтар, жұмыс нәтижесінің жалақы деңгейімен сәйкес келмеуі, қосымша қаржылық шығындар, осы және басқа да себептер қаржылық күйзелістің пайда болуына алып келеді. Міне, бұл біздің өмірімізде орын алып жатқан уақытша қиындықтарға байланысты адамдардың қарым-қатынасын көрсететін күйзелістің бірнеше түрі. Иә, қиындықсыз өмір жоқ. Алайда, біз мына нәрсені ұмытпауымыз керек: Қиындық қабаған ит сияқты. Ол сіздің қорқып қашқаныңызды көрсе, артыңыздан қуады. Ал қорықпасаңыз, сізге жол беріп, жөніне кетеді! _ #асыларна #asylarna #asylarnatelekanal #стресс #күйзеліс #қайғы #уайым #қиындықтан_шығу

Похожие видео

Показать еще