«Абай әндері» фильмы, 1946 ж. HD

03.10.2019
«Алмаатинская» киностудия ұсынған «Абай әндері» («Песни Абая») драмасы. Фильмде Абай адал махаббаттың арашашысы ретінде көрінеді. Өзінің сүйгенін, көрші ауылдың жесірін ұрлап әкеліп үйленіп, Айдар ата салтын бұзады. Абай ақсақалдар кеңесінде өз махаббаты үшін ата дәстүрін бұзуға мәжбүр болған Айдар әрекетін ақтап шығады. Халық махаббатына бөленген Абайдың достары көп. Бірақ дұшпандары да аз емес. Ерден бай мен діндар Шәріп Абайды халықпен араздастырып қоюға әрекет жасайды. Мақсатына жете алмаған Шәріп ақыры у беріп, Айдарды өлтіріп тынады. «Абай әні» фильмі республика киноөндірісі базасында жасалған алғашқы фильм. Режиссеры: Ефим Арон, Григорий Рошаль Сценарист: Мухтар Ауэзов Оператор: Галина Пышкова Композитор: Латиф Хамиди Суретші: Кулахмет Ходжиков Рөлдерде: Калыбек Куанышбаев, Капан Бадыров, Серке (Сералы) Кожамкулов, Елубай (Елеубай) Умурзаков, Шакен Айманов, Жагда Огузбаев, Сайфулла Тельгараев, Камал Кармысов, Рахия Койчубаева, Олег Жаков, Марат Сыздыков, Амина Умурзакова, Шолпан Джандарбекова, З. Татжетдинова

Похожие видео

Показать еще