Заңғар Нұртас 9 жыл кездескен сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты қалай жасады (видео) HD

14.03.2022
Қайрат Нұртастың інісі Заңғар өмірлік серігін жолықтырып, алдағы уақытта отбасын құрмақ. Осы орайда, оның сүйіктісі желідегі парақшасында үйлену туралы ұсыныс жасалған кештен видео көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Заңғар Нұртас ғашығына өзіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасау үшін нағыз естен кетпес кеш ұйымдастырған. Ол барша жақын достарын жинап, елорданың әсем жерлерінің бірінде сүйіктісін үлкен гүл шоғымен күтіп алып, саусағына сақина салған. Бұл әсерлі сәттің видеосын қалыңдықтың өзі Instagram парақшасында бөлісті. "Ойын бітті. От-шашу, жақындарымыз қасымызда және қонақ үй төбесіндегі "Жібек, менің шексіздігім болшы" деген жазба. Бәрі университеттің бірінші курсында келіскеніміздей болып шықты. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін біз ұзақ жол жүрдік. Енді міне, 9 жылдан кейін мен сенімді түрде саған "иә" деп айта аламын. Бізге қолдау көрсеткен барша жақындарымызға алғыс айтамын. Біз қандай қате шешімдер қабылдасақ та, сіздер қолдадыңыздар. Шыны керек, соңғы жылдары бір айырылысып, бір қосылып, көп адамның есін шығарған шығармыз. "Осы жолы нақты айырылыстық. Оны сүймеймін", "Басқа қызға үйленемін, болды" деп айтқан кездеріміз де болды. Бастысы, әрқашан өз жүрегіңізді таңдаңыздар. Қалғанының маңызы жоқ. Барлығыңызға бақыт тілеймін", - деп жазды ол. Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова құдаларының алдынан өтіп, болашақ келініне сырға салғанын жазған болатынбыз. Сілтеме: https://kaz.nur.kz/showbiz/1960513-zangar-nurtas-9-zyl-zurgen-suiiktisine-uilenu-turaly-usynysty-qalai-zasady-video/ шоу бизнес казахстан, шоу-бизнес, жұлдыздар, qazaqstan, шоу бизнес жулдыз, жулдыздар купиялары, жулдыздар ойбай шоу, мухит сапарбаев, шоу бизнес интрига, новости шоу бизнеса, последние новости шоу бизнеса, новости шоу бизнеса сегодня, шоу бизнес, шоу бизнес жанылыктары, шоу бизнес жанылыктар, ревю, нтк, нтк ревю, хит тв шоу бизнес, астарлы акикат 2022, эстрада последние новости, жулдыздар анши новости, qalayym live, gakku, информбюро эстрада, информбюро аншилер 31

Похожие видео

Показать еще