Ағаш ектім жемістерін балама деп!!! ???
https://www.youtube.com/channel/UCdzj9qeFyKizfAWA8q5E-GA Ағаш ектім жемістерін балама деп Алдап бақтым келістіріп алама деп Ойды қырды тегістедім балама деп Айтшы достым не істедім анама деп Қан жусада білегімді балама деп Аямадым жігерімді балама деп Жараладым жүрегімді балама деп Не жасадым айтшы достар анама деп Қиын сапарларда киім алдым балама деп Зәулім сарай -- үйлер салдым балама деп Бар тәттіні үйіп алдым балама деп Айтшы қандай сыйлық алдым анама деп Ақшаны да селдей төктім балама деп Ауыр жүкті сүйрей өттім балама деп Дем алуды білмей өттім балама деп Көңілімді бөлмей өттім анама деп Ақ сүт беріп әлпештеген анама деп Ниет қылсам ақ орамал жабам ба деп Ыңғайсыздық ұялайды санамды тек Біреулерді ренжітіп алам ба деп Атхамбек Юлдашев Баласыз жан - мулдем сөнбек, Бір балалы үй - сынып қалар көнек. Екі балалы үй - ащы-тұщы кермек. Үш балалы үй - бала-шаға ермек. Төрт балалы үй - асу бермес дөңбек. Бес балалы үй - бір-біріне көмек. Алты балалы үй - алтын жіпті өрмек. Жеті балалы үй - абыр-сабыр еңбек. Сегіз балалы үй - Құдай бәрін бермек. Тоғыз балалы үй - рахат өмір көрмек. Он балалы үй - бір ауыл боп өнбек. Он бір балалы үй - ел "шіркін-ай" демек. Он екі балалы үй - өз-өзіне әбден сенбек. Он үш балалы үй - алты алашты түгел жеңбек. Арғымаққа міндім деп, Артқы топтан адаспа! Күніңде өзім болдым деп, Кең пейілге таласпа! Артық үшін айтысып, Достарыңмен санаспа! Ғылымым жұрттан асты деп, Кеңессіз сөз бастама! Жеңемін деп біреуді Өтірік сөзбен қостама! Асан қайғы