Ресей әскерилері Венесуэла аумағына ұшақпен өтті
24 наурыз күні Каракас әуежайына Ан-124 және Ил-62 атты Ресейдің екі ұшағы қонған. Оның бортында 99 әскери қызметкер мен 35 тонна жүк болған. Мәскеулік делегацияны Венесуэланың ұлттық гвардия өкілі Эдгар Колина Рейес, Халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Марианни Матта және Каракастағы ресейлік елшілер күтіп алған. Мәскеуден шыққан ұшақ жол-жөнекей Сириядағы Дамаск пен Сенегалдағы Дакарға тоқтаған. Ресми Венесуэла бұған қатысты мәлімдеме жасамады. Дегенмен, атын-айтуды қаламаған жоғары шенді шенеунік әскерилер екіжақты келіссөздер үшін келіп отыр депті Нью-Йорк таймсқа берген сұхбатында. Толығырақ: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/304521-resej-skerileri-venesuela-auma-yna-tti
Похожие видео
Показать еще