Аятжан Ахметжан. БОП ТҰРМЫН ҚОС БҰРЫМДЫ САҒЫНҒАНДАЙ
БОП ТҰРМЫН ҚОС БҰРЫМДЫ САҒЫНҒАНДАЙ Білерсіз сіз қазақтың ырымдарын, Қазақ қызы кеспеген бұрымдарын. Қазақ қыздың сұлулық бір белгісі, Білерсіз сол бұрымнан туындарын. Төлегеннің қыз Жібекке ғашықтығы, Білерсіз сол бұрымнан туылғанын. Кеше ғана ұлттық жаза ретінде, Білерсіз сол бұрымның жұлынғанын. Бұл күні арман басқа, талғам басқа, Сан өзгеріс туылған жаңа баста. Алла берген реңді жоғалтып кеп, Алуан рең көрінді мына баста. Қос бұрым жауырынға жетпей жатыр, Ауырлығы болардай қара басқа. Өткен күн біз қазаққа арман бүгін, Сұлулық қыздардағы қара бұрым. Көргенде желкілдеген қос бұрымды, Көргендей болушы едім таңның нұрын. Күзелгенін көргенде ұзын шаштың, Күрсініп шығып кетті жалын мұңым. Бұрымдыда бір менің бағым бардай, Боп тұрмын қос бұрымды сағынғандай. Ей, қазақтың қыздары, шаш қимашы, Дінсіздікке бір басың таңылғандай. Қара көз қазағымның сұлулары, Ата-салттан мәңгілік жаңылмағай. Өлеңнің авторы. Аятжан Ахметжан. Түсірген Алматы телеарнасы.