Өзен - Ы.Алтынсарин

08.04.2017
Ыбырай Алтынсарин Орындайтын: Айдын Аскар http://vk.com/askaraidyn ӨЗЕН Таулардан өзен ағар сарқыраған, Айнадай сәуле беріп жарқыраған, Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта, Аралап тау мен тасты арқыраған. Көңілің суын ішсең ашылады, Денеңде бар дертіңді қашырады. Өксіген оттай жанып жануарлар Өзеннен рақат тауып басылады. Қойнында тілсіз тұрған тоғайлар Шуылдап желмен бірге бас ұрады... Он мың мал айдап өтсең де лай қалмайды, Тасыса су бармаған сай қалмайды. Тасыған өзен судың қуатымен Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды. Ел қыстап күн көреді жаныбында, Дәм болар алуан- алуан болығында... Тас таста, алтын таста сынамаққа, Сонда да, аққан өзен қалыбында. Құдіретін «құдайымның» көресіңбе, Не жеміс өсер өзен дөңесінде... Арыстан демалуға суға кірсе, Балықтар шымшып ойнар денесінде...

Похожие видео

Показать еще