Бәйтерек жолаушылар пойызы жолдан шығып кетті. HD
Қазақстан теміржолы Астана-Алматы бағытындағы Бәйтерек жолаушылар тасымалдау пойызы Шу ауданындағы Бірлік стансасы жанында жолдан шығып кетті. Оқыс оқиғадан алты вагон аударылып, бір бала қаза болып, үш бала ауыр жарақатпен Шу қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі жағдайда құзырлы органдар тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Ал алғашқы көмек көрсету мақсатында шу аудандық және қалалық ауруханалардың бас дәрігерлері мен медицина қызметкерлері, сонымен қатар шу ауданы әкімдігінің тарапынан шұғыл тасымалдау көліктерімен қамтамасыз ету жағдайы, теміржол мекемелері қызметкерлерімен бірлесе отырып зардап шеккен жолаушыларға жан-жақты көмектер көрсетілуде.
Похожие видео
Показать еще