Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы. HD
"Б Е Й Н Е У" Бейнеуде құт бастауы берекенің, Ерлерің мойындатқан ер екенін. Үстірттің үстін жайлап алғасын ба? Сезіліп тұрады әркез өр екенің. Қасиетті құмың -ай Самыңдағы Қызуы, шағылдары, сағымдары. Қысың-қатаң,жазың-от,күзің-ызғар Бораның-ем,ұйытқыған шаңың дәрі. Ноғайты,Есет,Тәжен,Сам,Тұрышым. Ақжігіт,Сыңғырлауым-бар тынысым. Шағырлы-Шөміштінің алқабынай-ай Сары құм-Сарға жердің алтынысың. Мешіті Көркембайдың көркем еді Мазары Омар-Тұрдың ертегі еді Ажары Боранқұлдың байлығында Сол жерде Бейнеуімнің серкелері. Көлтабан сенен қанша ел өтті екен? Жер бар ма жер бетінде Төлепке тең? Төріңде жүрсем-дағы таң қаламын, Бейнеуім расымен бөлек мекен Құлшар - күйдің ұқтырған құдіретін Белдері ер тумаған бүгілетін. Тоғыз жолдың торабы Бейнеу деген Сапарлаған жолаушы кідіретін Таңсық жер,Бейнеу енді танымасқа Ел еді ауыстырмас арын асқа. Қазақстан заңына ұқсамайтын Мен тұратын Бейнеудің заңы басқа. Райымбек Түзелов
Похожие видео
Показать еще