Қызылорда облысы Арал ауданы байқауға дайындық үстінде HD
Қызылорда облысы Арал ауданы №83 орта мектебінің оқушысы Нағидулла Айша «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауына Шолпан Сарманованың жетекшілігімен қатысып жатыр. Ұстаздың айтуынша шәкіртінің бойында жігерлілік, батылдық, Қобыланды батырдағыдай екпін бар. Сәттілік тілейік! Естеріңізге сала кетейік, «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы 6-10 сынып оқушыларының арасында өтуде. Байқау аясында қатысушылар 132 беттен 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді.
Похожие видео
Показать еще