Светлана Айтбаева Димаштың көрермендерін әлі де болса таң қалдыратынына сенімді HD
Қытайда үлкен өнер додасына түсіп жүрген Димаш Құдайберген байқаудың қатаң талаптарына қарамастан анасын телефон арқылы құттықтады. Димаш Құдайберген, әнші: -Света апа, сәлем бердік! Қалайсыздар? Мейрамыңмен. Бақытты бол. Мерекеден мерекеге жете бер! Қытайлық телеарнаның «Мен Әншімін» байқауында ақтөбелік жас талант талайды таңдай қақтырып үлгерді. Ғаламтор беттеріндегі жүз мыңдаған қаралымды айтпағанда, Димаш Құдайбергеннің өнерін әлемге әйгілі Лара Фабиан мен актер Джеки Чан да мойындап үлгерді. Өткен кезеңде миллиардтаған тұрғыны бар көрші елдің төрінде Димаш қазақтың домбырасын күмбірлетті. Тартысты доданың 7-ші туры артта қалды. Алда әлі талай сын бар. Алыстан тілеуін тілеп отырған анасы Светлана Айтбаева Димаштың көрермендерін әлі де болса таң қалдыратынына сенімді. Дарынды әнші «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында үлкен концерт ұйымдастыруды жоспарлап отырған көрінеді.
Похожие видео
Показать еще