Тоқыма ойыншықтар табыс көзіне айналды HD

02.08.2015
Ақтаулық қыз-келіншектер жапон стиліндегі «амигуруми» тоқыма өнеріне әуестеніп жатыр. Бүгінде үй шаруасындағы әйелдер ертегі кейіпкерлері мен жан-жануарлардың бейнесін айнытпай тоқуды жетік меңгерген. Алақанның жылуы сіңген дүниелерді көпшілік те жоғары бағалайтын көрінеді. Тіпті ата-аналар балаларына табиғи жіптерден тоқылған жұмсақ ойыншықтарды сатып алғанды жөн санайды екен. «Бір ойыншықты тоқу үшін бір күн уақыт кетеді. Алдымен дөңгелектеп тоқу арқылы ойыншықтың пішінін келтіріп, ішіне синтепон саламыз. Кейін көзі, мұрнын, құлағын тоқимыз. Ең қиыны да осы ұсақ бөлшектерді тоқу. Мәселен қолын тоқығанда екеуінің бірдей болуын қадағалау керек. Еңбек демалысымен үйде отырған соң, бұл менің табыс көзіме де айналды», – дейді қолөнер шебері Оксана Аванесян. Амигуруми - жапон стиліндегі тоқыма өнері. Жапондықтар осы тәсілмен жасаған ойыншықтарды туысқандарына жақсы ниетпен сыйға тартатын көрінеді. Оксана да бұл қағиданы бұзған емес. Тіпті жақын құрбыларына қолөнер түрін үйретіп жүр. Қолөнер шебері осы күнге дейін жүзге жуық ойыншықты дүниеге әкелді. Енді Барби қуыршағын тоқып үйренуді қолға алмақ.

Похожие видео

Показать еще