Қарқаралыда ширек ғасыр бойы қараусыз жатқан жерлер игеріле бастады HD

25.04.2016
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 390 мың гектар жер ширек ғасыр бойы игерілмей жатқан. Алқаптар 286 шаруа қожалығының меншігінде екен. Ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмалар негізінде қожалық иелерімен тиісті жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде қурап жатқан жердің тең жартысына жуығына түрен салынып, игеріле бастады. Жер төсін емген еңбек әулетінің бір – Ахметчиндер жанұясы. Ағайынды Ахметчиндер кез келген шаруаны ақылдасып істейді. Еңбек әулеті ұзақ жылдан бері ата кәсіпті жаңғыртып келеді. Мал өсіріп, егін салады. Енді табиғаты келіскен, таудың баурайындағы тамаша мекенді де табыс көзіне айналдыруға тәуекел етіпті. Ерслан Ахметчин, шаруа қожалық жетекшісі -Еңбек етемін деген адамға мақсаты болса, соған жетем десе, жұмыс табылады ғой. Басты дүние қазір – ұйымдастыру. Барлығы қаражатқа тіреледі.

Похожие видео

Показать еще