ВАКУУМ ЖИВОТА.Вакуум живота как делать.ВАКУУМ ЖАТТЫҒУЫ,ІШ КЕТІРУ,АРЫҚТАУ,ВАКУУМ ЖИВОТА ҚАЗАҚША.НАУЛИ HD

13.01.2022
Менің инстаграм: https://instagram.com/ainagul_zhamanbay?utm_medium=copy_link Арықтау марафоныма сені шақырамын кел күтемін Қазіргі таңда көп келіншектердің мәселесі ол босанғаннан кейінгы қалып қойған қарынды кетіру. Оған арналған жаттығулар өте көп. Солардың бірі ол Вакум . Ал, вакуумның қалай жасалатынын, нәтижесі қалай боларын төменнен оқып біле аласыздар. Күн сайын "вакуум" жасаудың қандай пайдасы бар? Жалпы "вакуум жаттығуы" деген не? Бұл қарын бұлшықеттеріне жасалатын жаттығулар. Бұл жаттығудың жасалуында ешқандай қиындық жоқ. Керісінше өте оңай жаттығу деуге болады. Жалпы вакуум жаттығуларын: жатқан қалыпта; төрт тағандап тұрып; отырған қалыпта; тұрған бойда жасауға болады. Ең алдымен аяқты иық деңгейіне дейін ашып, тік тұрамыз. Сосын мұрын арқылы терең тыныс аламыз. Артынша демді ауызбен шығарып, сол қалыпта тұрып қалу керек. Демді шығару кезінде қарынды ішке қарай тартып, қарынды барынша арқа омыртқасына қабыстыра түсесіз. Осы қалыпта 15 секунд тұрыңыз. Алғашында мұнша уақыт тұру қиындық тудырса, аз уақыттан бастауыңызға болады. 15 секунд өткен соң жаймен демалып, бұлшықеттерді босаңсытыңыз. Арасында демді ішке тартып, қайта шығарып, екі-үш рет қайталайсыз да, жаттығуды дәл солай жалғастырасыз. Ескерту‼️ Вакуум жаттығуларын жүкті әйелдерге, асқазанында жарасы барларға, етеккір уақытында, отадан кейінгі кезеңде жасауға болмайды.‼️‼️‼️‼️

Похожие видео

Показать еще