Шу ауданында жиын - терін басталып кетті.

15.10.2019
Шу ауданында жалпы 725 гектарға тәтті түбір егілген, оның сақталғаны 465 гектар, оның 300 гектары «Қызылша» ЖШС тиесілі, 60 гектары «Дулат-Жайсан» ЖШС нің еншісінде. Қалған 105 гектары ұсақ шаруашылық иелігінде.Үстіміздегі жылы қант қызылшасын егуді қолға алған серіктестіктердің бірі – «Қызылша» ЖШСі ауданға қант қызылшасын егу үшін былтыр күзде 300 гектар жерді дайындаған болатын. Маусымдық жұмыс кезінде 40-қа жуық инженер, оператор, агрономдар мен ауылшаруашылығы мақсатындағы 20 техника тынымсыз еңбек еткен. Өндірілген өнімді шаруалар Меркі ауданындағы қант зауытына өткеретін болады. Биылғы жылдың өнімділігі ойдағыдай болады деп күтілуде. Келесі жылы қант қызылшасы алқабын 1000 гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отыр.Қант қызылшасын егу жұмыстарын сәуір айының басында бастаған серіктестік бүгінгі күні 306 гектар жерді толығымен игерген. Олар 300 гектарға немістің «акация» және «виорика» сынды тұқымын егіп, қалған 6 гектар аумаққа өздерінің зертханасы үшін өзге де тұқымдарды егіпті.«Маусымдық кезеңде 40 адам жұмыспен қамтылып, оларға 70-150 мың теңге аралығында жалақы төленуде. Сонымен қатар 10 техника жұмыс істеуде, әр гектардан 600-700 центнерден өнім жиналуда. Жиын-терін науқаны бір айға созылады. Науқан соңында шамамен 18 мың тоннаға жуық өнім алу жоспарлануда.

Похожие видео