«Ордабасы» асыл тұқымды қойына сұраныс артты HD

23.05.2017
Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары өңірде «Ордабасы» деп аталатын қой түрін өсіруді қолға алмақ. Бүгінгі күні күнгейде мұндай асыл тұқымды қойдың саны 75 мыңға жуықтаған. Алдағы үш жылда 125 мыңға жетпек. Ғалымдардың айтуынша, қазір ет бағытындағы «Ордабасы» қойларына сұраныс зор. Мәселен Атырау, Ақтөбе, Көкшетау, Қызылорда және Жамбыл облыстарының шаруалары жылына бұл төрт түліктің мың басын сатып алады екен. Уақ мал етті болып келеді. Кез келген табиғатқа тез бейімделіп, жылдам жетіледі. Таза салмағы 85 келі болады. Төрт айлық қозының орташа салмағы 40, қошқарлардікі 120 келіге дейін жетеді. Нұрадин Әлібаев, «Оңтүстік-батыс мал және өсімдік шаруашылығы» ҒЗИ директорының орынбасары: -Жылда сұраныс көп. Ресейден де, басқа жақтан да сұраныс бар. Яғни бәсекелестік өте жоғары. Барлық облыстарда қазір өте жақсы тарады. Сондықтан бұл тұқымның болашағы зор, өндіріске тиімділігі өте жоғары.

Похожие видео

Показать еще