Асыл тұқымды мал шаруашылығы дамып келеді

30.03.2014
Қарағанды облысының Шет ауданының шаруа қожалықтары «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 350 млн. теңге көлемінде несие алып, 4600 асыл тұқымды мал сатып алған. Соның бірі -- Серғазы Мұстафа жетекшілік ететін шаруашылық. Серғазы Мұстафа осыдан 22 жыл бұрын өз алдына бөлек шығып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолға алған. Қазір меншігінде 170 бас ірі қара мен 100-ге тарта жылқы бар. Жуырда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 7 млн. 500 мың теңге несие алып, ол қаражатқа қазақтың ақ бас сиырын сатып алады. Бұған қоса шаруа иесі мал бордақылау алаңын ашып, мал сою цехін салған, наурыз айында іске қосуды көздеп отыр.

Похожие видео

Показать еще