Бақытжан Бұқарбай: Ұзынағашта Ресей басқыншылығына арналған ескерткіш тұр.

11.08.2022
Ұзынағашта Ресей басқыншылығына арналған ескерткіш тұр. Өткенде әдейі сол жерге соғып, осы видеоны түсірдім. Осындай үлгідегі стелаларды Ресей империясы жергілікті халықтың қанын төгіп, басып алған жерлерде орнататын болған. Төбесінде империяның бүркіті тұр: бір қонған жерден ұшпаймын, бір орныққан мекеннен кетпеймін дегенді меңзейді. Қашан орнатылғанын білмеймін, бірақ айналасы біраз күтілмегені көрініп тұр: шөп басып, плиткалары қирай бастаған. Соған қарамастан жақында бір тақта орнатыпты. Сонда орыстың өзіне керек болмай қалған дүниені қазақтың қастерлеп сақтап жүргенін қалай түсінуге болады? Аудан басшылығы мен президент әкімшілігі қайда қарап жүр? Қазаққа жат ескерткішті сүріп тастау дұрыс шешім болар еді. Ал ең сұмдық идеологиясының көрінісі төмендегі видеода. Дереккөз: facebook.com/bakhytzhan.bukharbai #ұзынағаш #Ресейбасқыншылығы #масқара

Похожие видео

Показать еще