Тұтқындаңдар! HD

25.11.2015
Тәуелсіздік ұраны ұтқыр болған, Бірақ оны біреулер кілт доғарған. Тұтқындаңдар кез келген наразыны, Тұтқындаңдар, кәнеки, тұтқындаңдар! Алматыма бұл түні тұман шөкті, Жаман хабар жадауды жыламшы етті. Тұтқындаңдар дүние-мүліктерін, Тұтқындаңдар телефон, планшетті! Уа, билік! Болар ма жарар шағың? Бір жасады жағымпаз, жарамсағың! Тұтқындаңдар оқыған кітаптарын, Тұтқындаңдар қолға алған қаламсабын! Қарсы біткен ағашқа бұтақтарым, Жайсаңысыз жұртың жүр жұтап қалың! Азат ойдың вирусы жұғып қалар - Өртеп жібер оқыған кітаптарын! Бір берікке келеді мың кемігім, Ұлын қорғап билікке үндеді кім? Бала кезден «бұзылып» кеткен болар - Тұтқындаңдар сыныптық күнделігін! Жә, осымен жағдайың реттелді, Енжар жандар өзіңді тіреп келді. Тұтқындаңдар әркімнің азат ойын, Тұтқындаңдар милар мен жүректерді! Осындайда елім бір үндемес пе? Үндеместі ұл демес! Құл демес пе? Түрме заңы билеген мына қоғам Бір ел сыйып кететін түрме емес пе?! Жетіп жатыр жұрт бейқам қарап тұрар, Босатам деп өзіңді жан аптығар. Бұл қазақта әділ сот болғанымен, Болмаған-ды түрме мен абақтылар! Билік бүгін халқына бөтен екен, Мен де ұлдық парызды өтеп өтем! Тұтқындаңдар баршаны, тұтқындаңдар! Бірақ түрме бәріне жете ме екен?.. Тәуелсіздік ұраны ұтқыр болған, Бірақ оны біреулер кілт доғарған. Тұтқындаңдар кез келген наразыны, Тұтқындаңдар, кәнеки, тұтқындаңдар!

Похожие видео

Показать еще