Лаңкестік тақырыбы спектакльге арқау болды
"Есігімді қаққан кім?" Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында ерекше қойылым сахналанбақ. Драмалық қойылымның премьерасы ертең кешкі сағат 6-да өтеді. ҚР еңбегі сіңген қайраткері Жабал Ерғалиевтің шығармасына негізделген спектакльде Сирияға аттанған қазақ жастарының өмірі суреттелген. Қоюшы режиссері-Нұрлан Жұманиязов. Оқиға қазақ отбасындағы тіршілік көрінісінен басталады. Немере бағып отырған қария мен ақ жаулықты ана. Асыр салып ойнап жүрген балалар. Қызы мен күйеу баласы білімді азаматтар бола тұра теріс жолға түседі. Үстеріне қара жамылып алып, Сирияға аттанады. Біраз уақыттан кейін атасы мен әжесіне бауыр басқан кішкентай қыздарын да ерте кетеді. Алматыдағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының қоюшы режиссері Нұрлан Жұманиязов спектакльді сахналамас бұрын дінтанушы, имам, теологтардың көмегіне жүгінгенін айтады. Ерекше қойылым енді Ақтөбе жұртшылығына жол тартпақ.
Похожие видео
Показать еще