Елордада есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды HD

29.03.2021
Нұр-Сұлтан, Қостанай және Шу өңірінде бір мезетте жүргізілген арнайы операция нәтижесінде есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Сегіз адамнан тұратын топты 51 жастағы Қостанай облысындағы Денисов ауданының тұрғыны басқарған. Ол сыбайластарының әрқайысына нақты міндет жүктеп, соның мүлтіксіз орындалуын қадағалап отырған. Есірткімен қамтамасыз етуші Жамбыл облысы Шу ауданының 67 жастағы тұрғыны, ал жеткізуші Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Күдіктілерді ұстау үшін 7 жедел топ құрылған. Есірткінің кезекті партиясын тасымалдау кезінде қолға түскен жеткізушіден салмағы 5 килограмнан асатын гашиш салынған орама алынды. Қылмыстық топ басшысының үйінен 26 гашиш таблеткасы, ақша мен банк карталары табылды. Есірткі заттарының жалпы салмағы 10 келіден асады. Қара нарықтағы құны 14 млн теңге шамасында. Күдіктілердің бәрі қамауға алынды. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24 Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24 Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Похожие видео

Показать еще