Өртенген пәтерлер тазартылып жатыр
Көп қабатты үйдегі өрт оқиғасына қатысты сот сараптамасы тағайындалды. Қызыл жалын 240 шаршы метрді қамтыған. 30 пәтерді өрт шарпыды. 3-қабаттағы №69 пәтер түгел жанып кеткен. Бүгін есігі жабық. Сазды полиция бөлімінің мөрі басылған. Мамандардың сөзінше, 47 адам құтқарылып, 200 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Ауруханаға жеткізілгендер медициналық тексеруден кейін үйлеріне қайтарылған. Ал, №73 үйдің көше жақ беті түнімен сырланған. Тек терезелері ғана үңірейіп тұр. Қазір еріктілер пәтерлерді тазартып жатыр. 10 қабатты тұрғын үйдің сырт келбеті қала сәулетіне сәйкес 2013 жылы сәнделген. Тез жанатын шыныпакет материалымен қапталыпты. Қаланы шулатқан өрттің шығуына кімнің кінәлі екені әлі белгісіз. Себебін анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалған. 1 айда дайын болады. Қалалық ішкі істер бөлімінің басшысы Бағлан Құрманалин зардап шеккен және өрт тұтанған пәтер иелерінің тергелгенін айтты. Барлық баспана тексерілген. Келтірлген шығындар да анықталып жатыр. Өрт оқиғасы төтенше жағдай деп танылмаса, бюджеттен шығынды өтеуге қаржы бөлінбейді. Зардап шеккендерге қоғамдық қорлардың тарапынан жәрдем болуы мүмкін. Құрылыс компаниялары есік-терезелерін ауыстыруға көмек көрсетпек. Пәтерлері тұруға жарамсыз тұрғындар үшін кеше қонақ үйлерден 40 орын дайындалған. Алайда, онда барған ешкім болмапты. Барлығы туыстарын жағалап кеткен. Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/ Twitter https://twitter.com/rika_kz Вконтакте https://vk.com/rikatv