Еуразиялық үкіметаралық кеңес шұғыл шаралар кешенін қабылдады HD
Еуразиялық үкіметаралық кеңес пандемия кезінде халықтың қажеттіліктерін мейлінше қанағаттандыру бойынша шұғыл шаралар кешенін қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24». Атап айтқанда, енді өмірлік қажетті заттарды жеткізу үшін «жасыл дәліз» құрылады. Сонымен қатар, одаққа мүше елдерге кіргізілген тауарлар уақытша баж салығынан босатылады. Бұған қоса, кеденнен өту тәртібі де жеңілдей түспек. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичтің айтуынша, енді комиссия күн сайын туындайтын өзекті мәселелерді реттеуге күш салады. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24