Онкологиялық ауруларды емдеудің тың әдісі
Семейде онкологиялық ауруларды емдеудің тың әдісі қолданылуда. Жергілікті қоғамдық қордың бірі аймақтық онкологиялық аурухана жанынан «Арт-терапия» кабинетін ашып, қатерлі ісікке шалынған жандарға сурет салу және қолөнер арқылы психологиялық көмек көрсетуде. Мамандардың айтуынша, мұндай әдіс емді дұрыс қабылдап, науқастарды дертпен күресуге жігерлерлендіре түседі. Қоғамдық қордың атқарушы директоры Динара Сүлейменоваға 2009 жылы ІІІ дәрежелі обыр диагнозы қойылған. Ем қабылдау барысында сурет салып, я болмаса тоқыма тоқудың психологиялық жағынан зор көмек беретінін байқаған соң, жұбайымен бірігіп дертке шалдыққан өзге жандарға қол ұшын созуға шешім қабылдапты. Осылайша Қазақстанда алғаш рет қатерлі ісікке шалынған жандарды арт-терапия арқылы емдеу идеясы жүзеге асты. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24