Жазира: Жанболаттан таяқ жедім. Өзімнің тілімнен таптым
Жазылып кетіңіздер: Телеграм каналымыз: https://t.me/show_biznes_kz Инстаграм каналымыз: https://www.instagram.com/show_bizneskz/ Жазира Байырбекова отандық бағдарламалардың бірінде басынан өткен қиындықтары туралы айтып берді. Жас кезінде енесі қаталдық танытып, жолдасы өзіне бірнеше рет қол жұмсаған екен. Мұнымен қатар, әнші біраз жыл бұрын төсек тартып жатып қалған. Фото: instagram.com/zhanbolatzhazira/ Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды. Әншіге енесі қатаңдық танытқан екен. Жолдасына сөз қайтаруға тыйым салып, үлкендердің бетіне тік қарамауға үйреткен. Жазираның осындай сәттерде ренжіп, тамақ ішпей отырып қалатын кездері де болыпты. “Мен келгенде ұлан-асыр той жасады деп айта алмаймын. Өздері мені көріп, аң-таң болып қалды. Енем маңдайымнан сүйіп, үйге кіргізді. Жанболаттың анасы – сол кездегі ауылдағы ең қатал ене болатын. Ол кісінің қаталдығы мені кәдімгідей өзгертті. Мысалы, жолдасыма қарсы сөйлеуге, үлкендердің бетіне тік қарауға тыйым салды. Айта беретін болсам, мұндай жағдайлар өте көп. Ең басында жылап қалып, тамақ ішпей отырып алатын кездерім болған. Әрине, сыйласқан сәттеріміз де жетерлік. Қазір ойлап қарасам, сол кездегі қылықтарым ұрысуға лайық емес. Бірақ, заманның қиын екенін ескеріп, енем мені ширатқысы келген сияқты. Сарбаздарды тәрбиелегендей қинады. Сиыр саудым деп өтірік айтпаймын. Оны енем өзі сауды. Алғаш келін болып түскенімде таңғы 6-7-де тұрып, шай дайындаймын. Шайдан соң, төсек жинаймын. Кейін ас үйге қайтып келіп, түскі ас әзірлеймін. Арасында кір жуамын. Сол мезетте бір үйде 20 адам тұрдық”, – дейді Жазира Байырбекова. Сілтеме: https://stan.kz/zhazira-zhanbolattan-tayak-zhedim-ozimni/ шоу бизнес казахстан, шоу-бизнес, жұлдыздар, qazaqstan, шоу бизнес жулдыз, жулдыздар купиялары, жулдыздар ойбай шоу, мухит сапарбаев, шоу бизнес интрига, новости шоу бизнеса, последние новости шоу бизнеса, новости шоу бизнеса сегодня
Похожие видео
Показать еще