Жарық ¦ Кішкентайларға жарық көздері, мөлдір және мөлдір емес заттар туралы HD

24.01.2019
Біздің бүгінгі тақырыбымыз – "Жарыққа кіріспе". Жарық – бізге айналадағының бәрін көруге мүмкіндік беретін энергияның түрі. Жердегі негізгі жарық көзі – Күн. Өсімдіктер өз асын күн сәулесінің көмегімен дайындайды. Кейбір басқа нәрселер де жарық шығарады. Олар жарық көздері деп аталады. Мысалы, шам, шырағдан, майшам және т.б. жарық көздері болып табылады. Өздігінен жарқырамайтын нәрселер де бар. Оларды жарық шығармайтын заттар дейді. Мысалы, үстел, мата, сөмке, ыдыс-аяқ және т.б. жарық шығармайды. Жарық шығармайтын заттардың әдетте екі түрі бар: мөлдір және мөлдір емес. Мөлдір заттар өзіне түскен жарықты өткізеді; мысалы, шыны, су, т.б. Ал мөлдір емес заттар жарықты өткізбейді; мысалы, ағаш, тас, т.б. Түпнұсқа: https://youtu.be/fvKpqIS9k9Y Қазақшалаған «Физика және Ғарыш» / «Ғылыми мультиктер» жобасы Дыбыстаған Әсем Төлебаева

Похожие видео

Показать еще