Мектеп оқушылары Калашников автоматынан оқ атты

14.05.2015
Мектеп оқушыларының әскери-дала жиындары жалғасуда. Бозбалалар бүгін әскери ату алаңында нысана көздеді. Төрт ротаға бөлінген оқушылар кезектесіп атыс алаңына барып, әзірленді. Қаруды өздері оқтады. Оқты салып тұрып, қауіпсіздік ережелерін қайталады. Балалар жер жастанып, 400 метр қашықтықтағы нысананы АК-74 автоматымен көздеді. Әрқайсысына тоғыз оқтан берілген. Ату сынағының мақсаты - оқушыларды шын қаруды ұстап көріп, оны қолдана білуге үйрету, дейді қалалық білім бөлімінің әдіскері Серік Сраж. Атыс дайындығы алғашқы әскери даярлық пәнінің оқу бағдарламасында бар. Автомат пен оқ-дәріні артиллериялық бригада жеткізген. Әр баланың іс-әрекетін әскери нұсқаушы бақылайды, қажет болса, қаруды ұстау, шүріппені басу жөнінде қосымша нұсқау береді. Мектеп оқушыларының әскери-дала жиындары тағы екі күнге жалғасады.

Похожие видео

Показать еще