Елорда іргесінде ұшақ апатқа ұшырады HD

20.06.2019
Елордадан 70 шақырым жерде ұшақ құлады. Ақмола облысының Родина ауылынан он шақырым жерде егістікті дәрілеп жүрген АН-2 ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан оқиға орнында ұшқыш қаза тапты. Ал, екінші пилот пен механик ауыр жарақат алған. Екеуі де елордадағы ауруханаларға жеткізілген. Ұшақтың не үшін апатқа ұшырағанын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, Бас көліктік прокуратура қылмыстық іс қозғады. Апат қалай болған? Куәгерлер не дейді? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан

Похожие видео

Показать еще