Орал қаласының іргесінен жаңа шағын аудан бой көтереді HD
Осы мақсатта алдағы 2-3 жылда тұрғындарға жер телімдері беріледі. Бүгінде шаһарда бос жатқан учаскелер жоқ. Сондықтан жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдері халыққа Круглоозёрный ауылдық округінің аумағынан бұйырады. Жақын аралықта мұнда инженерлік желілер тартылады. Осылайша 1145 үйдің учаскесі кезек бойынша үлестіріледі. Шағын ауданда балабақша, мектеп, емхана сияқты әлеуметтік нысандар да тұрғызылады. Бүгінде жер телімін алу үшін 71 мыңға тарта адам кезекте тұр. Оралда жеке тұрғын үй салу мақсатына соңғы рет жер 2012 жылы берілген екен.
Похожие видео
Показать еще