Елім -- ай, «Қайран менің, елім-ай»
Өлең авторы -- Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы -- Давид Хачатрян «Мелодия души» Дудук Бейнематериал авторы -- 31 телеарна «Сөздің шыны керек» Фотоматериал авторы -- Искандер Салиходжаев «Қоғам» Қосымша фотоматериалдардың авторы -- Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз» Өңдеген -- Бақытжан Бекмұхаммедұлы Қайран менің, елім-ай, Азаптар өтті, басыңнан. Қиналып жүр-ау, бозторғай, Айырылғандай болып, қанатынан Қалайша болды, заманым? Өркендеп, өсіп, жете алмай. Күрсіну болды, амалым, Көз жассыз, қарап, тұра алмай. Оралып бүгін, кеттік пе? Артта қалған, ғасырға. Деңгейге, сонда, жеттік пе? Бар ма жауап, айтарға? Болмаса жағдай, суынан, Жалғайды, қалай ұрпағын? Сол ұрпақ, табылар, қасынан, Жаудан келсе, сұр ағын. Қалайша, қуат болады? Жарықты мүлдем, көрмесе. Мазақта, қазақ қалады, Бағасыз, саналып кезекте. Елім деп, тұрған, қазағым, Шіркін-ай, берер жүрегін. Түзелсе екен, бұл ағын, Мынау елі, естіп, тілегін.
Похожие видео
Показать еще